2016 жылдың І тоқсанында қазақстандықтардың орташа жалақысы 11,9% өсті

Фото: forbes.kz

2016 жылдың қаңтар-наурыз айында Қазақстандағы бір жұмысшының орташа номиналды айлық жалақысы 132,769 мың теңгені құрады (ресми доллар бағамы — 330,14 теңге). Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 11,9%-ға жоғары, деп жазылған Статистика комитетінің таратқан хабарламасында.

Салалық құрылымда ең үлкен атаулы жалақы кәсіби, ғылыми және техникалық қызметте – 298,0 мың теңге (орташа республикалық деңгейден 2,2 есеге асты),  қаржы және сақтандыру  қызметінде – 249,6 мың теңге (1,9 есеге асты), ақпарат және байланыс саласында – 183,8 мың теңге (1,4 есеге асты), өнеркәсіп саласында – 181,9 мың теңге (1,4 есеге асты) белгіленді.

Ең төменгі атаулы жалақы ауыл, орман және балық шаруашылығы қызметкерлерінде белгіленді – 61,7 мың теңге, бұл республика бойынша орта көрсеткіштен 53,5%-ға төмен және білім беру саласында – 88,5 мың теңге ( тиісінше 33,3%-ға төмен).

Өңірлік бөліністе ең жоғарғы жалақы Атырау облысында белгіленді – 257,2 мың теңге, бұл орташа республикалық көрсеткіштен шамамен 1,9 есеге асады. Солтүстік Қазақстан облысында мұның шамасы 88,8 мың теңгені құрады, бұл ел бойынша орташа деңгейден 33,1%-ға төмен.