Ақпан айында Қазақстандағы инфляция 1,1%-ды құрады

Фото: newskaz.ru

2016 жылғы ақпанда Қазақстандағы инфляция 1,1%-ды құрады. Бұл туралы статистика комитеті хабарлады. 

Баға ауыл шаруашылығы өніміне және көтерме саудада 1,4%-дан, құрылыста – 0,3%-ға өсті, ал өнеркәсіпте – 4,2%-ға төмендеді. Барлық көлік түрлерімен жүк тасымалдауға тарифтер 0,8%, заңды тұлғаларға көрсетілген байланыс қызметтеріне – 0,6%- ға жоғарылады.

Бағалар мен тарифтердің экономика секторлары бойынша өзгеруі
пайызбен, өсуі +, төмендеуі –
2016 жылғы ақпан 2016 жылғы қаңтар-ақпан
2015 жылғы қаңтар-ақпанға
2016 жылғы қаңтарға 2015 жылғы ақпанға 2015 жылғы желтоқсанға 2010 жылғы желтоқсанға
Тұтыну бағалары 1,1 15,2 2,5 49,0 14,8
Өнеркәсіп өнімін өндіруші кәсіпорындар бағасы -4,2 8,8 -6,1 7,6 6,4
Өндірістік-техникалық мақсаттағы сатып алынған өнімнің бағасы 1,0 13,2 2,0 37,0 10,9
Құрылыстағы бағалар 0,3 3,1 0,7 23,1 3,1
Ауыл шаруашылығы өніміне бағалар 1,4 4,9 2,6 33,7 4,1
Барлық көлік түрлерімен жүк тасымалдауға тарифтер 0,8 32,1 6,4 110,4 32,0
Заңды тұлғаларға көрсетілген почталық және курьерлік қызметтер тарифтері 0,1 13,9 2,3 38,6 13,9
Заңды тұлғаларға көрсетілген байланыс қызметтер тарифтері 0,6 0,5 0,3 -21,8 0,2
Көтерме сауда бағалары 1,4 14,7 5,0 39,5 12,6