Кристин Лагард: 2016 жылы әлемде экономикалық тұрақсыздық болады

2016 жылы әлемдік экономикалық өсім аса жақсы болмайды. Мұндай болжамды Халықаралық валюта қорының реттеуші директоры Кристин Лагард айтты, деп жазады РИА-Новости.

«Көптеген елдерде қаржы секторы бұрынғыдай әлсіз бола береді. Ал дамушы нарықта қаржылық қауіп төнуі мүмкін. Мұның барлығы 2016 жылғы жаһандағы экономикалық өсімнің аса жақсы болмайтынын және тұрақсыз болатынын білдіреді», — К.Лагард немістің Handelsblatt газетінде жарияланған авторлық сұхбатында.

Оның айтуынша, өндіріс көлемінің төмендеуі, халықтың қартаюы және әлемдегі қаржы дағдарысы өсімге әсер етіп, орташа бағамды әлсіретеді.

Сондай-ақ, Кристин Лагард АҚШ-тың Федералды резерв жүйесінің мөлшерлемесін көтеруі, Қытай экономикасы өсімінің бәсеңдеуі әлемдік экономиканың тұрақсыздығына әкеледі деп қауіптенеді. Оның сөзінше, АҚШ-тың монетарлық саясатты реттеуі және Қытай елі экономикасының алға жылжуы басқа елдердің экономикасына оң әсерін тигізеді. Алайда бұл барынша тиімді ұйымдастырылуы қажет.

Фото: nb.kz