2016 жылы былтырғы жылғы деңгейдегі астық жиналады деп жоспарлануда

Фото: kaz.caravan.kz

Қазақстанда 2016 жылы да 2015 жылдың деңгейіндегі астық жиналады деп жоспарлануда. Бұл туралы  Ауыл шаруашылығы министрлігінің өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаментінің директоры Ажар Қажыбекова мәлімдеді.

«Ғылыми-зерттеу институттарының зерттеу жұмыстарына сәйкес, биылғы жиналатын астық деңгейі өткен жылғы көлемде болады деп болжанып отыр. Бұл, әрине, ауа райы климатына байланысты болады», — деді ол сейсенбі күнгі Астанада өткен брифингте.

Оның сөзінше, осы жылы экспортталатын астық көлем былтырғы жылдан көп болады деп күтілуде.

Айта кетейік, 2015 жылы 18,7 млн тонна астық және бұршақ тұқымдас өнім жиналды. Бұл 2014 жылмен салыстырғанда 8,8%-ға көп.