2016 жылы Қытайда қандай өзгерістер болуы мүмкін?

769

Қытай экономикасы  1 триллионнан астам АҚШ доллары көлемінде өнім өндіретін бірнеше макроөңірлерден тұрады, деп болжам жасады«McKinsey&Company» консалтингтік компаниясы.

Соңғы жылдары осы макроөңірлердің кейбірі өркендеп жатса, кейбірінен аздаған құлдырау байқалады. Бұл айырмашылықтар өңірлердің бәсекелестікке қабілеттігінің өсуіне тікелей әсер етеді. Қытайды жете зерттеу үшін макроөңірлерді жекелей талдау қажет, дегенмен, барлық Қытай экономикасына тән ортақ ерекшеліктерді бөліп қарастыруға болады.
Қытайдың 2016 жылға арналған ЖІӨ өсімінің мақсаттық деңгейі бұрыңғы деңгейінде – 6%-дық көрсеткіште тұр, бұл көрсеткіш кейінірек төмендеуі мүмкін. Қытайдың жоспарына сәйкес, экономикалық өсімнің төмендеуі қоршаған ортаны қорғау, денсаулық сақтау және тұрғындардың табысы сияқты ел дамуының маңызды бағыттарына әсер етпейді. Сонымен қатар, өсімнің мақсаттық көрсеткішіне жету қазыналық және монетарлық саясаттың басты мақсаты ретінде қала береді. Сондықтан төменгі пайыздық мөлшерлеме, сондай-ақ америкалық долларға қатысты айырбас бағамына қысым жасау болжануда.
Қытай атмосфераға залалды заттардың шығарылуын азайту үшін, бұдан былай да бар күшін салмақ (нормаларды күшейтіп, баламалы энергетикаға кететін шығыстарды көбейту). 2015 жылдың қорытындысы бойынша Қытайда баламалы энергетиканың әлеуетін арттыру үшін, орасан зор жұмыстар жүргізілді. Ал 2016 жылы Қытай өндірген тазартқыш сүзгілер сыртқа, яғни дәл осындай проблемамен бетпе-бет келіп отырған Үндістан сияқты елдерге шығарылуы мүмкін.
Жоспардың басым бағыттарының бірі – еңбек өнімділігін арттыру. Мұның мәні – жоғалып бара жатқан, экономиканың дәстүрлі салаларынан жұмыс күшін қайта даярлау, жұмыс күшінің даярлығын арттыру және адами капиталды өмір бойы оқыту жүйесін енгізу
Ресми қытай дереккөздерінің мәліметтері бойынша, 2015 жылы ҚХР-да құрылыс саласындағы жұмыспен қамту 15 миллион жұмыс орнына азайса, пайдалы қазбаларды өндіру саласында да бұл көрсеткіш бірнеше миллионға азайған. Қызмет көрсету саласының дамуы босаған жұмыс күшіне жақсы балама болып тұр. Оған өту үшін кадрды қайта даярлау процессіне қатысты жалғыз мәселе туындап тұр.
Еңбек өнімділігі мен жұмыс орындарын қайта бөлу ел табысы өсімінің төмендеуіне, сонымен қоса тұтынушылық сенімнің құбылмалылығына әкеп соқтыруы мүмкін. Жалпы ішкі өнімдегі тұтынушылық шығыстардың үлесі 50% көлемінде екенін, өткен жылғы ҚХР-дың қор нарығындағы қоғам назарын аударған оқиғаларды ескерсек, елдің адами капиталға қатысты саясаты сергек болады.
2016 жылы ауылшаруашылық өнімдерінің импорты бағалық жағынан да, физикалық жағынан да рекордтық көрсеткішке жетті. Елдердің көбі бұл саладан өзінің экспорттық әлеуетін көреді. 2015 жылдың 9 айының ішінде Ресей Қытайға 500 мың тоннадай астық экспорттады. Ал 2014 жылы бұл көрсеткіш бар-жоғы 100 мың тонна ғана болған еді. Сонымен қатар, жақын арада Аргентина мен Австралиядан ет әкелу жоспарлануда. Қытай нарығына америкалық ауылшаруашылық өнімдері де кеңінен таралған. АҚШ-тан жеткізілетін басты өнімдер – соя, астық тұқымдастар, тамақ өнеркәсібі тауарлары. Америкалық фермерлердің назары орта таптағы тұтынушыларға бағытталған. Мұны америкалықтар интернет-сауда құралдарын қолдану арқылы, яғни тұтынушымен тікелей байланысты пайдалана отырып жүзеге асырады.
Қытайдың ішкі инфрақұрылымға мол инвестиция салатынын ескерген күннің өзінде, ел проблемалары әлі де шешімін тапқан жоқ. Оның басты себебі қала тұрғындары мен олардың негізгі қажеттіліктерінің қарқынды өсуі. Мәселен, соңғы 14 жылдың ішінде Бейжің тұрғындары 60%-ға көбейіп, 21 миллион адамға жеткен. Бұл бағытта еңбек ресурстарының даярлығын арттыру саясаты жалғасын табады. Бейжің мен Қытайдың басқа да ірі қалалары қала орталықтарындағы өндіріс орындарын қала маңы мен шеттегі аймақтарға көшіре бермек.