2017 жылы Алматыда 26 мыңнан астам ағаш отырғызылды

ағаш

Алматы. 6 қараша. 7kun.kz — Алматыда жаяу жүргіншіге басымдық беріп, қайта жасалған Панфилов, Жібек жолы, Қабанбай батыр, Гоголь көшелері мен «Астана» алаңына ағаш отырғызу шарасы өтті, деп хабарлады қала әкімінің баспасөз қызметі.

Питомниктерде өсірілген, 100% тамыр жайып кететін бұтақ жарған ағаштар: терек, қайың, емен отырғызылды. Жалпы, жоба бойынша қайта жаңғырған бес көшеде аллеялы және пейзажды 2312 ағаш, 3 мыңнан астам бұтақ пен көптеген гүлзар отырғызу жоспарланған. Ағаштың басым көпшілігі осы айда, ал қалғандары көктемгі маусымда отырғызылады.

Келер жылы реконструкцияланған көшелерде декоративті алма ағаштары, акация, бұтақтар, спирея, қарақат пен кеңтамыр гүл жаратын болады. Емен мен терек көлеңкелі кеңістікті қалыптастырады, ал қайың мен шырша, туя жыл бойына хвой иісімен тыныстатады.

2017 жылы Алматыда 26 мыңнан астам ағаш отырғызылды, тағы да 5 мың жасыл желек отырғызу жоспарланған. Бұлардан өзге, компенсациялық және бастамашыл тұрғыда 7 мың ағаш отырғызылатын болады. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында қалада жыл аяғына дейін 210 ағаш отырғызылады. Мысалы, кәсіпкерлер Меңдіқұлов көшесінің бойына 15 ағаш, көлік тұрағы болған Фурманов көшесінің бойына (Сәтпаев көшесінен төмен) 31 терек отырғызды.

Алматыда 2017 жылы қаланың тарихи орталығының үштен бірі қайта жасалды, жаңғыру аясында ғимараттардың сыртқы келбеті әрленді, құрғақ фонтандар пайда болды, авторлық архитектуралық кіші пішіндер қойылды, демалыс аймақтары, балалар алаңдары жасалды, жасыл желекті суару желісі жүргізілді.