Алматы облысыЖаңалықтарҚазақстанТаңдаулы1

Як-12М ұшағының апатқа ұшырау себебі анықталды

Алматы. 14 мамыр. 7kun.kz – Авиациялық оқиғаны тексеру жөніндегі уәкілетті орган 2017 жылы 27 шілдеде Алматы облысының Шолақай елді мекені маңында «Казавиа» ЖШС-нің Як-12М әуе кемесімен болған адам өліміне әкелген авиациялық оқиғаны тексеруді аяқтады.

Әуе апатының негізгі себебі әуе кемесінің рұқсат етілмейтін шағын биіктік пен ұшу жылдамдығында әуе кемесінің маневрлерді орындауы екені анықталды.

Сондай-ақ ұшақты басқару кезінде ұшу биіктігі мен жылдамдығын бақылауды жоғалтудың салдарынан ұшу биіктігінің жоғалуына және әуе кемесінің жер бетімен оң жағымен соқтығысуына алып келді.

Әуе кемесінің жер бетімен соқтығысуы нәтижесінде ұшақ құрылымы бұзылып, өрт шықты, соның нәтижесінде ұшқыш пен жолаушы қаза болды.

Бұдан басқа, авиациялық оқиғаны тексеру барысында келесідей ықпал етуші факторлар мен кемшіліктер анықталды:

  • әуе кемесі командирінің ұшу алдындағы демалыс кезінде алкогольді асыра пайдалануы;
  • ұшақты басқаруға жолаушының әдейі емес араласу мүмкіндігі (ұшақ екі жақты басқару элементтерімен жабдықталған);
  • әуе кемесі командирінің осы әуе кемелеріне арналған рұқсат етілген массадан асатын массамен ұшуы;
  • ұшқыш кабинасында ұшу тапсырмасын орындауға байланысы жоқ бөгде адамның болуы.

Болашақта осындай апаттардың алдын алуға арналған профилактикалық шараларды қабылдау үшін ұшақ пайдаланушыларына апатқа ұшыраған Як-12М ұшағының тексеру нәтижелерін жеткізу ұсынылады.

Tags

Осы айдарда

Close