2017 жылы Иранға 528,9 тонна қой еті экспортталды

340
Қызылорда
Фото: Kapital.kz

Алматы. 3 мамыр. 7kun.kz — 2017 жылы Қазақстаннан Иранға 528,9 тонна қой еті экспортталды деп хабарлайды Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі.  

Одан бөлек Иранмен тауық жұмыртқасы мен салқындатылған қой етінің экспорты бойынша келіссөздер жалғасып жатыр. Ал Біріккен Араб Әмірліктерімен қой еті, сиыр еті, ірі қара мал, ұсақ мал бойынша ветеринариялық сертификат келісілді.
2017 жылы Біріккен Араб Әмірліктеріне 34,9 мың тонна сиыр еті, 22,99 тонна қой еті және 3 485 бас ұсақ мал экспортталды.