2018 жылдың қаңтар айында 9,3 млн тонна көмір өндірілді

қаңтар
Фото: Tengrinews

Алматы. 7 ақпан. 7 kun.kz – Бірқатар көмір өндіруші кәсіпорындар көмірді өндіру көлемін 2017 жылғы қаңтар айымен салыстырғанда арттырды, ал кейбір кәсіпорындар керісінше азайтты, деп хабарлады ҚР Энергетика министрлігі.

— «Богатырь көмір» ЖШС – 222,1 мың тоннаға артық көмір өндірді. 2017 жылғы сәйкесінше кезеңімен салыстырғанда 106 пайыз;
— «Қаражыра» АҚ – 76,1 мың тоннаға артық өндірді. 2017 жылғы сәйкесінше кезеңімен салыстырғанда 111 пайыз;
— «Восточный» разрез – 71,9 мың тоннаға артық өндірді. 2017 жылғы сәйкесінше кезеңімен салыстырғанда 105,2 пайыз;
— «Шұбаркөл Премиум» ЖШС – 35 мың тоннаға артық өндірді. 2017 жылғы сәйкесінше кезеңімен салыстырғанда 136,4 пайыз.

2018 жылдың қаңтар айында энергетика саласына 6,7 млн тонна көмір бөлінді.
Коммуналдық-тұрмыстық қажеттілікке және халыққа 838,6 мың тонна көмір бөлінді.
Ақпан айынан бастап жедел мәліметке сәйкес 1,9 млн тонна көмір өндірілді.
Сондай-ақ, энергетикаға – 1,5 млн тонна, коммуналдық-тұрмыстық қажеттілікке және халыққа – 225,6 мың тонна, ал экспортқа 343,1 мың тонна көмір бөлінді.