Forbes рейтингі бойынша Қазақстанның 2018 жылдағы үздік 7 банкі

110
фото: freepik.com

2018 жылы Қазақстанның банк нарығы (дағдарыс басталғалы он жыл өткеннен кейін) ақырындап өзгере бастады. Оған бірнеше факторлар ықпал етті Мәселен, Ұлттық Банк тарапынан реттеуді қатаңдату, ХҚЕС 9 жаңа ережесі (халықаралық қаржылық есеп стандарттары), нарықтағы бәсекелестіктің шиеленісуі, білікті кадрлардың жетіспеушілігі және т.б.

Сәйкесінше банктердің де рейтингінде өзгеріс байқалды. Назарларыңызға Baker Tilly Kazakhstan Advisory  мен Forbes рейтингіне енген үздік 7 банк туралы ақпаратты ұсынамыз.

Рейтинг септеудің балдық жүйесі негізінде ҚР Екінші деңгейдегі банктерінің рейтингін құрылған. Ақпараттың негізгі көзі — ҚР Ұлттық Банкінің деректері, kase.kz және банктердің ресми сайттары.

1. «Халық банк»

«Қазақстан Халық жинақ банкі» — елдің ең ірі ЕДБ (екінші дербес банкі). Қазақстаннан басқа бұл банк Ресейде, Қырғызстанда, Грузияда, Тәжікстанда ұсынылған. 2018 жылдың мамыр айында Өзбекстанда еншілес банк ашу жұмыстарын жүргізу туралы хабарланды. Банктің жаңа нарыққа шығуын өз капиталы есебінен жүзеге асыру жоспарлануда.

2017 жылғы 5 шілдеде «Халық банкі» Қазкоммерцбанктің 96,81% қарапайым акцияларын, яғни, Кеңес Рақышевтан – 86,09% және «Самұрық-Қазына «ҰӘҚ» АҚ – 10,72% сатып алуды аяқтады.

Негізгі акционерлері: «АЛМЭКС «Холдингтік тобы» АҚ – 73,6% (соңғы бенефициарлар – Тимур және Динара Құлыбаевтар), «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ – 6,5%, ГДР – 16,8%, басқа акционерлер – 3,1%.

Банктің 100% еншілес кәсіпорындары: «Halyk Finance» АҚ, «Казахинстрах» АҚ, «Халық Проект» ЖШС, «Халық Лизинг» АҚ, «НБК Банк» АҚ, «Халық Банк Грузия» АҚ, «Halyk Life» АҚ, «Халық Банк Қырғызстан» ААҚ, «Halyk Инкассация» ЖШС, «Қазтелепорт» АҚ.

2. «Kaspi Bank»

«Kaspi Bank» — қазақстандық ірі бөлшек банк. Ең табысты банктердің қатарына кіреді. 

2014 жылдың қараша айында банк «Kaspi Дүкен» – бағаны салыстыру және тауарларды несиеге сатып алу үшін онлайн-агрегаторын іске қосты. 2016 жылы тамыз айында тұтынушыға сатып алу үшін бөліп төлеу бағдарламасын ұсынды. Бұл «Kaspi Red» деп аталды.

2017 жылғы желтоқсандағы банктің соңғы акционерлері: Baring Vostok Funds – 36,28%, Қайрат Сатыбалдыұлы – 28,22%, Вячеслав Ким – 20,18%, Михаил Ломтадзе – 9,39%, Goldman Sachs – 3,83% және тб.

Банктің активтермен айналысатын «Kaspi сақтандыру» АҚ және «АРК Баланс» ЖШС -нің  бас компаниясы саналады.

3. «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі»

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» — тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін жүзеге асыратын еліміздегі жалғыз банк. Бағдарлама «Тұрғын үй құрылысы» депозиттеріне салымшылардың ақшасын тарту және оларға тұрғын үй заемдарын беру арқылы халықтың тұрғын үй алуына жағдай жасауға бағытталған.

Банктің жалғыз акционері —  «Бәйтерек «Ұлттық басқарушы холдингі АҚ саналады.

2017 жылы «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ жеке тұлғалардың салымдары 2016 жылмен салыстырғанда 27,8%-ға өсті. Бір жыл бұрын олардың көлемі 410,5 млрд теңгені құраса, 2017 жылы 524,6 млрд теңгеге дейін өскен.

4. «Цеснабанк»

2018 жылғы 14 наурызынан бастап «Банк ЦентрКредит» АҚ және «Цеснабанк» АҚ үлестес емес және бір-біріне байланысты болып саналмайды. 2017 жылдың басында «Банк ЦентрКредит» АҚ үлесін сатып алған «Цеснабанк » АҚ ірі қатысушылар – Бақытбек Байсейітов және Владислав Лиге сатты.

2017 жылдың қазан айында «Цеснабанк» Ұлттық банк жүзеге асыратын банк секторының қаржылық тұрақтылығын арттыру бағдарламасы аясында 100 млрд теңге сомасына облигацияларды орналастырды.

2018 жылдың 1 сәуірінде банктің негізгі акционерлері: «Цесна» Қаржы холдингі» АҚ – 62,17%, Шыңғыс Уандықов – 8,89%, «АППАРАТKZ» ЖШС – 7,34%, «KINESIOKZ» ЖШС – 5,42%, «БЖЗҚ» АҚ – 4,88% және «Цесна Капитал» АҚ – 0,32% болды.

5. «Сбербанк Қазақстан»

«Сбербанк» АҚ ЕБ — 2018 жылдың 1 мамырдағы қорытынды бойынша 1,6 трлн теңге көлеміндегі активтері бар Қазақстандағы ең ірі ресейлік банк саналады.

Банк акцияларының 100% -ы «Сбербанк России» АҚ-ға тиесілі. Соңғы акционері Ресей Федерациясының Орталық Банкі болып саналады.

6. «Банк ЦентрКредит»

«Цеснабанк»АҚ-на банк жариялаған акциялар пакетінің 29,56% үлесі тиесілі болатын «Банк ЦентрКредит» АҚ-ның қарапайым акциялар пакеті ЦентКредиттің қатысушысы Бахытбек Байсейітовке (48,07 %) сатылды. Содан кейінгі үлесі Владислав Лиге (10,05%), сондай-ақ миноритарлық акционерлерге сатылды.

2017 жылдың қазан айында «ЦентрКредит Банкі» Ұлттық банк жүзеге асыратын банк секторының қаржылық тұрақтылығын арттыру бағдарламасы аясында 60 млрд теңге сомаға облигацияларды орналастырды.

2017 жылдың қыркүйек айының соңында «Банк ЦентрКредит» АҚ басшысы болып Ғалым Хусаинов сайланды.

2018 жылы ақпан айының соңында Дәурен Жақсыбектің «Банк ЦентрКредит»АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі лауазымындағы өкілеттігі тоқтатылды. Бизнесмен акционерлер шешімінен кейін 2017 жылдың мамыр айында банктің директорлар кеңесіне кірді.

7. «ForteBank»

«ForteBank» АҚ — 2015 жылы «Альянс Банк»АҚ, «Темірбанк» АҚ және «ForteBank» АҚ қосылу нәтижесінде құрылған Қазақстандағы ірі банктерінің бірі.

Банктің негізгі акционері — Болат Өтемұратов. Оның үлесінде банктің 87,27% бар.

2018 жылдың ақпан айында «ForteBank» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен Мағжан Әуезовтың басқарма төрағасы ретіндегі өкілеттігі тоқтатылды. Ол наурыз айында директорлар кеңесінің төрағасы қызметіне тағайындалды. Басқарма төрағасы бұрын бірінші орынбасары қызметін атқарған Гурам Андроникашвили болды.

Бұдан кейінгі орындарда банктердің орналасу реті былай:

8  «Банк Хоум Кредит «АҚ ЕБ
9 «Altyn Bank» АҚ
10 «АТФБанк «АҚ
11 «Альфа-Банк» ЕБ » АҚ
12 «Нұрбанк» АҚ
13 «Ситибанк Қазақстан «АҚ
14 «Казкоммерцбанк «АҚ
15 «Еуразиялық Банк» АҚ
16 «Банк ВТБ» АҚ ЕҰ (Қазақстан)
17 «Tengri Bank» АҚ
18 «Bank RBK» АҚ
19 «КЗИ Банк» АҚ
20 «Астана банкі» АҚ
21 «AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)» АҚ
22 «Qazaq Banki» АҚ
23 «Банк Kassa Nova «АҚ
24 «Қазақстандағы Қытай Банкі» ЕБ АҚ
25 «Алматы қаласындағы Қытай ТПБ» АҚ»
26 «Банк ЭкспоКредит» АҚ («First Heartland Bank» АҚ)
27 «Эксимбанк Қазақстан «АҚ
28 «Ислам Банкі» АҚ «Al Hilal»
29 «Capital Bank Kazakhstan «АҚ
30 Заман-Банк «Ислам банкі» АҚ»
31 «Шинхан Банк Казахстан» АҚ
32 Қазақстандағы» Пәкістанның ҰБ » ЕБ АҚ