ЛОНДОН – Жасырғанды сыртқа шығаратын бұл бір қызықты жыл болды. Соңғы он екі айда жеке тұлғалар, бизнестегі көшбасшылар мен саясаткерлерге қатысты ақпараттың таралып кетуі мен оларға тағылған айыптарға толы болып қана қоймай, сондай-ақ, мұндай заң бұзушылыққа жол бермеуге арналған жүйелердің өзіне де көп сөз тиді.

Өткен айда 2016 жылы 20 жастағы хакердің Убер компаниясының жүйесін бұзып, шамамен 57 миллион адамның, соның ішінде Америка Құрама Штаттарындағы 600 мыңға жуық жүргізушілерге қатысты жеке ақпаратқа қол жеткізгені белгілі болды. Қауіпсіздік сақтау жүйесіндегі кемшіліктің бар екенін мойындаудың орнына, Убер хакерге деректерді жою үшін 100 мың доллар төлеп, зардап шеккендердің және Убер үшін өте маңызды болған компания инвесторларының ештеңе білмей қалады деп үміттенген.

Equifax дерекқорына жасалған хакерлік шабуыл – хакерлердің шамамен 143 миллион АҚШ тұтынушыларының туған күнінен бастап, әлеуметтік жеке номеріне дейін қамтылған жеке ақпаратына қол жеткізген кезі де осындай дәрежеде жасырылмады. Алайда заң бұзушылығының табылып, халыққа жариялаудың арасында алты аптаға жуық уақыт болды, оның барысында үш басқарушы өздерінің акцияларының аз ғана бөлігін сатып үлгерген, бірақ олардың айтуынша, сату кезінде олар дерекқордың бұзылуы туралы білмеген.

Ақпараттық қауіпсіздікті бұзу тұтынушылар мен инвесторлар үшін аса жағымсыз, ашуландыратын жағдай екені рас. Бірақ осындай бұзуды мойындамау және одан бас тарту арадағы сенімді жояды. Егер компания мұндай бұзудың орын алғанын ашып айтса, кем дегенде клиенттер өздеріне қатысты ақпаратпен не болып жатқандығы туралы хабардар болады (және олардың шоттарындағы алаяқтық әрекеттерді қадағалап отыра алады) және инвесторлар бизнес тәуекелдерін дәл бағалай алады.

Убер жағдайында сияқты егер ақиқат көп кешікпей айтылса, онда техникалық мәселе туралы оқиға тез арада мекеменің адалдығы туралы әңгімеге айналатын болады. Тұтынушылардың компаниялармен жеке ақпаратпен бөлісуге қатысты қорқын

Бірақ бизнес өкілдері тек қателерді ғана жасырып қоймай, олар лауазымды тұлғаларының жасаған қылмыстарын да жасырған. Бұл соңғы айларда беті ашылған жұмыс орнындағы сексуалды алымсақтық пен басқа да ұзақ мерзімді жасырынып келе жатқан істерден айқын болды.

Fox News-тағы жетекші тұлғалар – комментатор Билл О’Райли мен компания жетекшісі Роджер Айлз – желінің басты ұйымы 21st Century Fox арқасында, сексуалды алымсақтыққа қатысты айыптардан ұзақ уақыт бойы қорғалып келді. 21st Century Fox қаңтарда О’Райли мен оның шоу-бағдарламасына жиі келген қонақ арасында (О’Райлиге қатысты бұл осындай бесінші жағдай) 32 миллион долларлық келісімге қол жеткізуге көмектесіп ғана қоймай, компания кейіннен көп ұзамай бұл жұлдызға керемет бір жұмыс ұсынысын да жасаған.

О’Райли ақыры жұмыстан шығарылды, бірақ бұл айыптар мен келісімдер туралы ақиқат жария болғаннан кейін ғана жасалды. Компания 20 жылдық қызмет мерзімі ішінде Айлзға қатысты осындай сценарийді ұстанды.

Осындай режим голливудтық ауыр салмақ Харви Вайнштейнді онжылдар бойы әйелдерді қудалау мен шабуыл жасау үшін өз билігін қолданғанында да қорғап отырған. Жақында The New York Times айтып өткендей, Вайнштейнге барлық жағынан көмек көрсетілген. Оның бауыры және серіктесі Роберт Вайнштейн де бас тарту төлемдеріне қатысқан. Оның бизнес серіктестеріне мұндай жағдайларға көз жұмуға ынтыландырма жасалып, репортерларға айыптаушылардың беделін түсіру тапсырылған. Тіпті зардап шеккендердің өз агенттері мен менеджерлеріне де өз клиенттеріне тыныштық сақтауға кеңес беріңдер деп қысым көрсетілген немесе қаражат төленген.

Жақсы жаңалық – мықты тұлғалар өз істері үшін жауапқа тартылғанда, көптеген зардап шегушілер сеніммен алға шыға бастайды. Билік ауысқан кезде, құрбандар үнсіздікте зардап шекпей, оларды адамдардың тыңдайтынына сенімі артады.

Осы тұрғыда, өткен жылы ашылған ақиқаттар ұзақ мерзімді үрдістің шарықтау шегі болып табылады, мұнда биліктегі мықты ойыншылар мен керемет тұрақты көрінген мекемелер өздерінің қателіктері салдарынан құлдырап кетті. Әлемдік қаржы дағдарысының салдарынан қаржы секторының басшылары өздерінің іс-әрекеттері үшін толықтай жауапқа тартылмаған болуы мүмкін, бірақ үнсіздіктің бұзылуы 2012 жылы басталған «акционер көктеміне» ықпал еткені рас, бұл ретте инвесторлар атқарушы билік төлем пакеттерін қабылдамай, корпоративтік басқару мәселелеріне назар аудара бастаған.

Спортта FIFA-ның көптеген лауазымды тұлғалары, оның ішінде халықаралық футбол ұйымының президенті Зепп Блаттер, ондаған жылдар бойы орын алған парақорлық және басқа да сыбайлас жемқорлық әрекеттерінен кейін құдаланды. Сочидегі 2014 жылғы Олимпиада ойындарында есірткі сынау режимін айналып өтуге арналған күрделі жүйені пайдаланғаны үшін Ресейге қысқы Олимпиада ойындарына қатысуға тыйым салынған болатын.

Басқа әлі қарастырылмаған аймақ АҚШ саясатындағы бір үлкен жасыру болып табылады: Дональд Трамптың президенттік сайлау науқаны мүшелері, соның ішінде ұлы Дональд Трамп пен ресми орыс топтары арасындағы байланыс. Бірақ біртіндеп ашылып келе жатқан фактілер жеткілікті болып тұр. Бірақ шындықты жасыруға тырысуы Трамп әкімшілігі үшін жағдайды әлдеқайда нашарлатып жатыр және американдық саясат пен елдің халықаралық беделіне де нұқсан келтіруде.

Кем дегенде, соңғы ашылған айғақтар жасырудың бастапқыдағы қатені он есе нашарлататынын көрсетіп тұр. Президент Ричард Никсон және оның көптеген көмекшілері “Уотергейт” дауы барысында осындай сабақ алғанын рас. 2018 жылы Трамп әкімшілігі, Убер және 21st Century Fox сияқты компаниялар мұндай жасырудың өздеріне қауіп-қатер төндірсе де, мұндай сабаққа назар аудармайтындай көрінеді.

Автор туралы: Люси П. Маркус – Marcus Venture Consulting компаниясының бас директоры.

Авторлық құқық: Project Syndicate, 2017. www.project-syndicate.org