2018 жылы халықтың кірісі 4,4%-ға өсті

51
Фото: thinktanks.by

Алматы. 16 қаңтар. 7kun.kz – 2018 жылғы 11 айда халықтың нақты кірістерінің өсуі 4,4%-ды құрады. Бұл туралы Қазақстан Ұлттық Банкінің Зерттеулер және статистика департаментінің директоры Виталий Тутушкин хабарлады.

Тутушкиннің айтуынша, инфляцияның негізгі факторы — ішкі сұраныстың кеңеюі.

«Халықтың нақты кірістерінің өсуі 2018 жылғы 11 айда 4,4%-ды құрады. Ішкі сұраныстың кеңеюіне 2019 жылы жалақысы төмен қызметкерлер үшін ең төменгі жалақының көтерілуі және салықтық жүктеменің төмендеуі себепші болады», — деді директор.

Сондай-ақ, Ұлттық банк өкілінің хабарлауынша, тұтынушылық кредиттеу көлемінің өсуі қарашада жылдық көрсеткіш бойынша 11%-ды құрады. Экономиканы кредиттеудің одан әрі өсуіне 2017-2018 жылдары жүргізілген банк секторын қалыпқа келтіру және реттеу мен қадағалаудың жаңа тәсілдері себепші болады. 2019 жылы кредиттік портфелдің номиналдық ІЖӨ жоғары қарқынмен өсетіні күтіледі.