2018 жылы мемлекеттік бюджет кірісі 6,6%-ке төмендеді

кірісі
Фото: ca-portal.ru

Алматы. 18 ақпан. 7kun.kz – 2018 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджеттің кірісі жылына 6,6%-ке қысқарып, 10,8 трлн теңгені құрады. 2017 жылы мемлекеттік бюджеттің түсімдері рекордтық сомаға 11,6 трлн теңгеге жетті, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 24,3%-ке көп. Бұл туралы Finprom.kz хабарлады.

Мемлекеттік бюджет кірістерінің құрылымында ең үлкен үлес салмағын салықтық түсімдер құрайды: 73% (7,9 трлн теңге) — өткен жылмен салыстырғанда 15,8% — ға артық (6,8 трлн теңге немесе табыстың жалпы сомасының 58,9%). Салық түсіміндегі негізгі үлес тауарлар, жұмыстар мен қызметтерге салынатын салықтар болып табылады: 36,7% немесе 2,9 трлн теңге, жылдық өсім — 22%.

Трансферттер түсімдерінің үлесі мемлекеттік бюджет кірістерінің жалпы көлемінен 38,2%-тен 24,1%-ке дейін төмендеді.

Салықтық емес түсімдер мен негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер тиісінше 226 млрд және 92,5 млрд теңгені құрады, олардың жиынтық үлесі — 3%.

Мемлекеттік бюджет кірістерінің төмендеуінің негізгі себебі республикалық бюджеттен түсетін трансферттер түсімдерінің бір жылда 41,1%-ке қысқаруы болды, бұл 2,6 трлн теңгені құрады.

2017 жылы трансферттер түсімінің ең жоғары сомасы: 4,4 трлн теңге, жылдық өсім — 54,6%. Мұндай күрт өсудің негізгі себебі банк секторын сауықтыру үшін 1,1 трлн теңге сомасында нысаналы трансферт бөлу, сондай-ақ басқа мақсаттарға 441,6 млрд теңге бөлу болды.