2018 жылы қаржы пирамидаларын құрушыларға 60-тан астам қылмыстық іс қозғалды

64
қаржы пирамидасы
Фото: ru.depositphotos.com

Алматы. 8 қаңтар. 7kun.kz – Қазақстанда 2018 жылы қаржы пирамидаларының заңсыз қызметі фактісі бойынша 128 қылмыстық іс болды. Бұл туралы ІІМ хабарлады.

Министрліктің ақпаратына сәйкес, Unnnity corpotation және Questra Holdings Inc компанияларының басшылығына қатысты 117 іс тіркелген.

Жалпы 128 қылмыстық істің 66 – ы 2018 жылы, қалғандары 2017 жылы тіркелді.

«Unnnity corpotation 39 мыңнан астам азаматтан 2,5 млрд теңге тартты. Компания басшысы қамауға алынды, ал серіктестердің біреуі Грузияда ұсталды. 834 азаматтан 1 млрд теңгеден астам қаржы тартқан басқа компанияға қатысты қылмыстық іс аяқталды. Төрт басшы жауапқа тартылды. Тағы 6 қатысушыға іздеу жарияланды», — деді ІІМ.

Айта кетейік, 2017 жылдың мамыр айында мәжілісмен Бекболат Тілеухан Бас прокуратураға Questra world жұмысын тексеріп, Қазақстан аумағында оның қызметінің жолын кесу мүмкіндігін қарастыруды сұрады.

Кейін Бас прокуратурада Қызылорда облысы прокуратурасының бастамасы бойынша Ішкі істер органдары 2017 жылдың наурыз айында Questra Holdings Inc қатысты қылмыстық іс басталғанын хабарлады.