2018 жылы Қазақстан мен ТМД елдерінде қанша тұрғын үй салынды

19
2022
Фото: realty.vesti.ru

Алматы. 27 маусым. 7kun.kz — 2018 жылы Қазақстанда 12,5 млн шаршы метр жылжымайтын мүлік салынды, өсім — 12,1%. Өзбекстанда шамамен сонша жылжымайтын мүлік енгізілді (12,1 млн шаршы метр, өсім — 5,4%). Бұл туралы Статистика комитеті хабарлады.

Тұруға арналған ғимараттардың ең көп саны Ресейде салынған — 75,3 млн шаршы метр, бұл Қазақстанмен салыстырғанда 6 есеге көп. Дегенмен, РФ-да жылжымайтын мүлік салу 4,9%-ға төмендеген.

Бұл ретте, Беларусьте — 4 млн шаршы метр (+4,6%), Украинада — 8,7 млн шаршы метр (-5,7%), Әзербайжанда — 2,1 млн шаршы метр (+3,3%), Тәжікстанда — 1,1 млн шаршы метр (-2%) тұрғын үй салынды.

Сонымен қатар, Армения мен Молдовада ең аз тұрғын үй берілді: тиіссінше 300 мың және 500 мың шаршы метр. Бұл ретте Арменияда ТМД елдері арасындағы құрылыстың ең жоғары өсімі тіркелді — 27,5%. Ал Молдовада -32,7%-ға құрылыс құлдырауы байқалды. Ең төменгі көрсеткіш — Қырғызстанда ( -33,5%). Бұл елде тек 1 млн шаршы метр тұрғын үй салынды.