2018 жылы тіркелген көлік санының қорытындысы шықты

78
қазақстандықтар
Фото: rusautonews.com

1 қазан. Алматы. 7kun.kz — Қазақстанда 2018 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында 970 мың 977 көлік тіркелген, бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезңімен салыстырғанда 14% артық, деп хабарлайды Интерфакс- Қазақстан.

Олардың ішінде 911 мың 316 көлік екіші рет тіркеуден өтті, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13,4%-ға көп(803 мың 776 бір.). Алғашқы рет тіркелген көліктердің үлесі 59 мың 661 бірлікті құрады, бұл өткен жылға қарағанда 24,2%-ға артық көрсеткіш.

Қазақстан аумағында үш тоқсанның қорытындысы бойынша 45 электр автокөлігі тіркелген.Алдыңғы жылы бұл көрсеткіш 30-ды көрсетіп тұрған еді.

Жыл басынан бері екінші рет тіркелген көліктердің үштен екі бөлігі 10 жылдан асқан болып шықты.  Ең көп үлесті 20 жылдан асқан көліктер алып отыр (39,4% ), 11 жыл мен 20жыл аралығында  – 29,3%, 4 жыл мен 7 жыл аралығында – 20,2%, 8 жыл мен 10 жыл аралығында – 5,4%.