Самұрық-Қазынаның 18 ірі компаниясы сатылады

Самұрық-Қазына
Фото: kazgazeta.kz

Астана. 10 сәуір. 7kun.kz — 2019-2020 жылдары Самұрық-Қазынаның 18 ірі компаниясы сатылады. Бұл туралы үкімет отырысында ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов мәлімдеді, деп жазады inform.kz.

Министрдің айтуынша, 2019-2020 жылдары сатылуы тиіс 404 нысанның 130-ы 2017-2018 жылдары саудаланады. 2017 жылы 325 нысанды сату жоспарланды. Олар республикалық меншіктегі — 30, коммуналдық меншіктегі — 177, Ұлттық холдингтердің 67 және әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың 51 нысаны.

«2018 жылы 61, оның ішінде республикалық меншіктегі 4, коммуналдық меншіктегі 19, Ұлттық холдингтердің 35 және әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың 3 нысанын сату жоспарланып отыр. Аталған нысанның  елуі топ-65 тізіміне кіреді. Олардың 2017 жылы 29 нысанын сату көзделіп отыр», — деді Сұлтанов.

Оның айтуынша, 2018 жылы 21 нысан сату жоспарланып отыр. Оның 16-сы ұлттық холдингтердің, ал бесеуі мемлекеттік меншіктегі ғимарат. «2019-2020 жылдары Самұрық-Қазынаның 18 ірі компаниясы сатылады», — деді ол.