2019 жылы Алматыда қанша кәсіпорын ашылды

74
2019
Фото: mcsert.ru

Алматы. 31 қаңтар. 7kun.kz —  Алматы облысында 2019 жылы 96 млрд теңгеге 26 жаңа өндіріс іске қосылды. Бұл туралы облыстың индустриялық-инновациялық даму басқармасында хабарлады.

Сарқан ауданында қытай инвесторларымен бірге 1,6 млрд теңгеге майлы дақылдарды өңдеу зауыты ашылды. Кәсіпорында жылына 48 мың тонна соя өндіреді.

Ал, Жамбыл ауданында 2,6 млрд теңгенің ет комбинаты іске қосылды. Жобаның инвесторы — Иран компаниясы . Кәсіпорынның қуаттылығы жылына 8 мың тонна ет өнімдерін құрайды.

Іле ауданында 36 млрд теңгеге жағар май шығаратын зауыт іске қосылды. Оған Ресей инвесторлары қаржы салды. Зауыт жылына 100 мың тонна майлау материалдарын нарыққа шығарады.

Сонымен қатар, қытайлық инвесторлармен бірге Қапшағайда 27 млрд теңгенің күн электр станциясы іске қосылды. Жалпы өңір бойынша 1,5 мың жұмыс орны ашылды.