2020 жылдан бастап зейнетақы салымы 5%-ға артады

23
Зейнетақы
Фото: pulse.com.gh

Алматы. 1 қазан. 7kun.kz – 2020 жылдан бастап жұмыс беруші зейнетақы қорына қосымша 5% салым түсіріп отыруға міндеттеледі.

2020 жылдан бастап, зейнетақыны қайта құрылымдау жүйесі енгізіледі. Яғни, осы кезеңнен бастап, жұмыс беруші еңбеккерлері үшін қосымша 5% зейнетақы қорына аударуы міндеттеледі. Нәтижесінде, тұрғындардың жалпы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы шотына түсетін салым 15%-ға теңеседі. Бүгінде жалақының 10%-ы ғана қорға төленеді.

Қазіпгі таңда Қазақстанда 2 млн-нан астам адам зейнетақы алады. Оның ең төменгі мөлшері 28 мың теңге болса, ең жоғарғысы 80 мың теңге шамасында.