232 мемлекеттік кәсіпорын жекеменшікке беріледі

614
232 мемлекеттік кәсіпорын жекеменшікке беріледі

Осы жылы жекешелендірудің екінші толқыны аясында Қазақстанда 232 объекті жекеменшікке беріледі деп хабарлайды Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі.

Олардың 18-і республикалық меншікке тиесілі, 121-і коммуналдық меншікте, 50-і әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация, 43-і холдинг.

Министрлік ұсынған мәліметтер бойынша, 2014 жылдың соңында 7043 объект 42,5 млрд теңгеге заңдастырылған. Жалпы алғанда жергілікті атқарушы органдарға ортақ сомасы 119,3 млрд теңге болатын 15 465 өтініш келіп түскен.

Ұлттық мәліметтеріне сүйенсек, өткен жылдың соңында екінші деңгейлі банктер жалпы сомасы 9,6 млрд теңге болатын қаржыны заңдастыруға арналған 51 жинақтаушы шот ашыпты. Бұл шоттардан 3,1 млрд теңге шешіліп алынған, бюджетке 338 млн теңге төленген.

Қазіргі уақытта Қазақстанда 2014-2016 жылдарға арналған жекешелендірудің кешенді жоспары жүзеге асып жатыр.