Алматы. 25 қазан. 7kun.kz - Бүгін Республика күні. Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен қазақстандықтар 13 жылдан кейін ұлттық мерекені қайтадан атап өте бастады.
Мемлекет басшысы мұндай ұсынысты маусым айындағы Ұлттық құрылтай отырысында айтқан. «Мен Республика күніне ұлттық мереке мәртебесін қайтаруды ұсынамын. Сондықтан қазанның жиырма бесі күні жыл сайын Егемендік күнін еліміздің басты мерекесі ретінде атап өтуіміз керек», деген еді Президент.
Президент 1990 жылы 25 қазанда Қазақстанның Мемлекеттік Егемендігі туралы Декларация қабылданып, еліміз тәуелсіздік алуға алғашқы қадамын жасағанын еске салған.
Айта кетейік, Мемлекеттік егемендік туралы Декларация 1990 жылы дәл осы 25 қазанда Жоғарғы Кеңестің қаулысымен қабылданған.
Бұл декларация советтік заңдарды қолданудан бас тартып, жеке Конститиуциямызды құруға мүмкіндік берді. Тәуелсіз Қазақстанның тарихындағы ерекше күн, ұлттық мереке санатына енді.
Мұндай бастама қазақстандықтар тарапынан да қызу қолдауға ие болды. Әлеуметтік желіде мыңдаған адам Ұлттық мерекемен құттықтап жазбалар қалдырды. Олардың арасында Қазақстанның мақтанышы Геннадий Головкин сынды танымал тұлғалар да бар.
«Барлық қазақстандықты мерекемен құттықтаймын! Аспанымыз ашық, заманымыз тыныш, бейбітшілігіміз мәңгі жасасын! Республика күні құтты болсын!»,-деп жазды боксшы.
Қазақстанның әр аумағында мерекеге орай түрлі шаралар ұйымдастырылған. Олардың көпшілігі Астанада, 200-ден аса түрлі форматтағы іс-шаралар өткізілуде. Оның соңы мерекелік отшашумен аяқталады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024