Рашит Сәрсеновтың ұлы Эльдар Сәрсенов «Нұрбанк» басшысы болып тағайындалды

«Нұрбанк» АҚ Директорлар кеңесінің өткен мәжілісінде жаңа басқарма төрағасы болып Сәрсенов Эльдар Рашитұлы тағайындалды. Ол жаңа лауазымдағы міндетін ресми түрде 2015 жылдың 30-қарашасынан бастайды. Бұл туралы банк сайтында жазылды.

«Нұрбанк» өз клиенттері үшін сапалы өнімдер мен қызметтерді дамытуға назар аудара отырып, қолданыстағы даму саясатын ұстануды жалғастырады», — деді Э.Сәрсенов мырза.

Банк баспасөз қызметінің хабарлауынша, Эльдар Сәрсенов — Қазақстандағы танымал кәсіпкер Рашит Сәрсеновтың ұлы. Ол Forbes Kazakhstan версиясы бойынша, Қазақстанның ең ықпалды 50 кәсіпкері рейтингінде 8 орында және Қазақстанның ең бай 50 адамы рейтингінде 8 сатыда тұр.

Рашит Сәрсеновке «KSP Steel» ЖШС, Павлодарда базаланған «Кастинг» ЖШС тиесілі. ондай-ақ, ол «Caspian Riviera» ЖШС, «Гелиос» ЖШС, «Uralsk Oil Company» АҚ, «Oil Real Estate» ЖШС, «Французский дом BSB» ЖШС, «Trade Petroleum Company» ЖШС,  «Vita Bottlers Қазақстан», «International Trade & Service» ЖШС-ны басқарады.

Эльдар Сәрсенов Suffolk University (Бостон, АҚШ) түлегі, Бизнес Әкімшілік бакалавры дәрежесін алған, сондай-ақ Northeastern University (Бостон, АҚШ) оқу орнын тәмамдап, Бизнес Әкімшілік магистрі болып табылады. Э. Сәрсеновтың маркетинг және менеджмент саласында халықаралық тәжірибесі бар. Басқарма Төрағасы лауазымына дейін Сәрсенов мырза үш жыл бойы «Нұрбанк» АҚ-ның басқарушы директоры міндетін атқарып, карточкалық бизнес, ақпараттық технологиялар, маркетинг, қызметкерлерді дамыту, жарнама және қызмет көрсетудің сапасы секторларына жетекшілік етті. Э. Сәрсенов бұрында TAG Heuer (АҚШ) швейцариялық сағат компаниясында маркетинг жетекшісі болған. Ол маркетинг бойынша менеджер ассистенті лауазымынан бастап «Helios» ЖЖС ЖШС желілерінде директордың сатылымдар және маркетинг жөніндегі орынбасарына дейінгі еңбек жолында тәжірибе жинақтады.

Сонымен қатар Директорлар кеңесі 2015 жылдың 23-қарашасынан бастап Заиров Марат Заирұлын банктің басқарма төрағасының орынбасары етіп тағайындау туралы шешім қабылдады.

Фото: forbes.kz