Н. Назарбаев: Кәсіпкерлер мемлекет пайдасы үшін жұмыс істеу керек

1410

Тәуелсіздік сарайында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев келер жылға арналған кезекті Жолдауын жариялады. Жолдау барысында Мемлекет басшысы қазақстандық кәсіпкерлердің мемлекет пайдасы үшін жұмыс істеу керектігін атап өтті.

«Мемлекет бизнесмендердің аяғынан тік тұруға көмектесті. Біз бай болғымыз келеді. Мемлекеттің бай болғанын қалаймыз. Осы күнге дейін сіздердің игіліктеріңіз үшін мемлекет көмек жасады. Енді сіздер мемлекет пайдасы үшін жұмыс істеңіздер Жекешеленірудің жаңа легіне жақсылап қатысыңыздар. Мемлекетке салық төлеу арқылы көмек жасаңыздар», — деді Н. Назарбаев.