Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Президент: Бөлінген қаржының әр теңгесі тиімді пайдаланылуы тиіс

Президент: Бөлінген қаржының әр теңгесі тиімді пайдаланылуы тиіс

Жолдау жобаларын жүзеге асыруға бөлінген қаржының әр теңгесі тиімді пайдаланылуы тиіс. Бұл туралы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында атап өтті.

«Жолдауда көтерілетін барлық шаралар жүзеге асады. Олар тиісті деңгейде қаржыландырылған. 2014-2015 жылдары шағын және орта бизнесті дамыту саласына осы бөлімде 1 трлн теңге бөлінген. «Нұрлы жол» жобаларына барлығы 2,7 трлн теңге бөлінді. Қаржыны бізге халықаралық қаржы институттары бөлді. Қытай Халық Республикасы менің өтінішіммен қаражат бөлді. Жалпы, осы айтып тұрған Жолдау жобаларын жүзеге асыруға 7,5 трлн теңге бөлінеді. Бұл жай ғана сөз емес. Осы қаражаттың әрбір теңгесі тиімді пайдаланылуы керек», - деді Елбасы халыққа Жолдауында. Фото: vlast.kz

Похожие материалы