Сорос қоры Ресейде қажетсіз деп танылды

Ресейдің Бас прокуратурасы «Ашық қоғам» институтымен құрылған үкіметтік емес Сорос қоры мен «Жәрдем» қорын қажетсіз ұйым деп таныды. Бұл туралы РФ бас прокуратурасының ресми өкілі Марина Гриднева мәлімдеді деп хабарлайды ТАСС.

Оның айтуынша, мұндай шешім Федерация кеңесінің бас прокурор Юрий Чайкаға үндеуінен кейін қабылданды. Федералдық кеңес «тоқтатым-парақ» деген патриоттық атпен аталған ұйымдарды тексеру туралы өтініштерін айтқан. Тексеру кезінде ұйымдардың қызметі Ресейдің Конституция құрылымына қауіп төндіру мүмкін екені анықталған.

Фото: lenta.ru