1 желтоқсаннан бастап номиналдық құны 20 мыңдық банкнота айналысқа шығады. Бұл туралы Ұлттық банктің баспасөз қызметі хабарлады.
20 мың теңгенің шығатыны туралы ақпарат былтыр пайда болған еді. Алайда айналымға қашан енетіні белгісіз болып келген. Бірқатар БАҚ жазуынша банкнота 2013 жылы дайындалған. Жиырма мың теңге басқа ақша белгілерімен қатар 1 желтоқсаннан бастап заңды төлем құралы болып табылады. Төлемдер мен ақша аударымдарының барлық түрлері бойынша қабылдануы тиіс. Банкнотаның дизайны айналыстағы ақша белгілерімен бірыңғай стильде орындалған. Көлемі: 155х79 мм. Басым түсі көк-сұр. Бет жағында «Қазақ Елi» монументі, пырақ және "Мәңгілік ел" қақпасы, сырт жағында Қазақстан картасы және Ақорда, Парламент және Үкімет ғимараттары бейнеленген. ҰБ хабарлауынша жаңа банкнота әлемдегі ең қорғалған банкноталардың бірі.
Похожие материалы
Финансы
Банки Казахстана в шаге от того, чтобы заработать больше, чем в 2024 году
- 19 желтоқсан, 2025
Финансы
Более 10 млрд тенге инвестировал Halyk Bank в новое здание офиса в Атырау
- 18 желтоқсан, 2025





