Қазақстанда 2 млрд теңге травматикалық қару сатып алуға жұмсалған

Республика азаматтары ерікті түрде жалпы сомасы 2 млрд 164 млн теңгені құрайтын 42 239 травматикалық қаруды ішікі істер огандарына тапсырды. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің сайтында хабарланды.

Ішкі істер органдары ерікті түрде тапсырылған травматикалық қаруды қабылдауды 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін жүзеге асыратын болады. Осыған байланысты, Ішкі істер министрлігі Қазақстан Республикасының травматикалық қаруды сақтауға және алып жүруге рұқсаты бар азаматтарға көрсетілген мерзімге дейін (2016 жылғы 1 қаңтарға дейін)қаруларды ерікті түрде тапсыру туралы үндеу тастайды.

Айта кетейік, 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қылмыстық кодекстің 287-бабының 2-бөлігіне сәйкес травматикалық қаруды заңсыз иемденгені, бергені, өткізгені, сақтағаны, тасымалдағаны немесе алып жүргені үшін азаматтардың қылмыстық жауапкершілігі көзделген (екі мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады).

Фото: kapital.kz