Доллар бағамы 310 теңгеге көтерілді

433

2015 жылдың 9 желтоқсанында Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда-саттық сессиясы аяқталды. Доллардың орташа бағамы 309,84 теңгені құрады. Бұл туралы биржа сайтында хабарланды. 

KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың минималды курсы 309,40 теңгені құрады. Максималды курс — 310,90 теңге, сауданың аяқталуы кезінде 309,98 теңге болды.

Кешкі сессияда сауда көлемі  138 млн 700 мың доллар болды. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 176.

9 желтоқсан күнгі доллардың ресми курсы бір АҚШ долларына 307,87 теңге.