«Қазпошта» АҚ www.post.kz электронды пошта қызметін іске қосты

«Қазпошта» АҚ www.post.kz электронды поштасын іске қосты. Портал мемлекеттік органдарды, бизнесті және халықты бір байланыс алаңына біріктіреді. Бұл туралы «Қазпошта» баспасөз қызметі хабарлады. 

Жаңа ашылған Post.kz порталы мемлекеттік органдарды, кәсіпкерлік ортаны және халықты бірыңғай байланыс алаңына біріктіретін болады.
Бір ерекшелігі бұл электронды пошта egov электрондық үкімет жүйесімен біріктірілген.

«Бірлесіп қызмет көрсету барысында, www.post.kz пен www.egov.kzарасындағы бірегей қуаттау жүйесі іске асырылады. Бұл ынтымақтастық нәтижесінде Қазпочта мен электронды үкіметтің қызметтерімен бір есепті жазба арқылы қолдануға болады. Енді мемлекеттік қызметтерге тапсырыс беруден бастап, құжаттардың төлнұсқасын пошта арқылы жеткізу сияқты кешенді форматта қызмет ұсынылады» — деді «ҰАТ» АҚ басқарма төрағасы Руслан Енсебаев.

Post.kz ұлттық электонды поштасы арқылы онлайн-трейдинг қызметімен инвестициялар және құнды қағаздармен Қазақстан қор биржасында келісімдер мен алып-сату операцияларын жүзеге асыруға болады.

Жоба барысында Қазпошта бөлімшелерінде ұсынылатын пошталық және қаржы қызметтерінің электронды нұсқасы қосылады. Енді азаматтар электронды пошта қызметтерімен бірге, жол ережесін бұзған үшін айыппұлдарды және басқа да төлемдерді іске асырып, сәлемдемелерді ресімдеп және бөлімшедегі кезекті брондай алады. Сонымен қатар клиенттер сәлемдемелердің келер мекенжайын ауыстырып, ыңғайлы болатын бөлімшеге немесе үйге жіберіп, гибридті электронды хат жібере алады, яғни Қазпошта қызметкерлері электронды түрде келген хатты керекті мекенжайда басып шығарып, қағаз түрінде жеткізеді.