ФРЖ-ның пайыздық мөлшерлемесі көтерілгеннен кейін Brent мұнайы қымбаттады

Жұма күні Brent маркалы мұнай қымбаттады. Бұған Америка Құрама Штаттарында энергетикалық қорлардың көбейіп, WTI мұнай бағасының құлдырауы, сондай-ақ Федералды резерв жүйесінің (ФРЖ) базалық мөлшерлемесінің өсуі себеп болды, деп хабарлайды Bloomberg.

ICE Futures Лондон биржасында Brent мұнайының ақпан айындағы фьючерстерінің құны 1 барреліне 0,11-ге (0,3%) көтеріліп, 37,17 долларға дейін жеткен. Нарықтың жабылу сәтінде   фьючерстерінің құны 1 барреліне 0,33-ке (0,88%) төмендеп,  37,06 долларға дейін түскен.

WTI мұнайының қаңтар айындағы фьючерстерінің құны Нью-Йорктің (NYMEX) электрондық тауар биржасында 1 барреліне 0,13-ке (0,37%) төмендеп, 34,82 долларға дейін бағаланған. Соңғы сессиядағы сауда барысында 1 баррелге қатысты мұнай бағасы 0,57-ге (1,6%) арзандап, 34,95 долларға дейін жеткен.

WTI мұнайы үшін қаңтар айындағы келісімшарт мерзімі 21 желтоқсанда аяқталады.   Ақпан айындағы фьючерстері бір барреліне 36,16 доллар көлемінде сатылып жатыр. Бұл өткен сессия көрсеткішінен 0,11(0,3%) долларға төмен. Осы аптаның басынан бастап WTI мұнайы 2,3%-ға арзандады.

Фото: regnum.ru