«31 арнаның» бас директоры болып Юрий Бродский тағайындалды

Юрий
Фото: zakon.kz

Алматы. 11 қаңтар. 7kun.kz – «СТС Медиа» 31 арнаның (Қазақстан) Бас директоры болып Юрий Бродский тағайындалғанын хабарлайды. Бродский 2013 жылдан 2015 жылға дейін «31 арнада» бас продюсер қызметін атқарған. Оның басшылығымен жүзеге асырылған ең табысты жобалардың бірі «Дом-Весы» телешоуы болды.

«Юрий телевидениеде, соның ішінде «СТС Медиа» холдингінде үлкен жұмыс тәжірибесіне ие, біз оның әлеуеті мен мүмкіндіктерімен жақсы таныспыз және ол біздің командаға оралғанына қуаныштымыз. Оның басшылығымен арна Қазақстан Республикасының телевизия нарығының жоғарғы позициясында белсенді дамитындығына сенімдімін», — деді «СТС Медиа»  хабар таратуды басқару департаментінің директоры Алексей Соловейчик.

Бас директор лауазымындағы Юрийдің негізгі міндеті арнаның стратегиясын одан әрі іске асыру болады. Атап айтқанда: Қазақстандағы «31 арнаның» аудиторлық көрсеткіштерін және нарықтық үлесін контентті өз өндірісінің көлемін арттыру, бизнестің тиімділігін арттыру.

31 арнаның бас директоры етіп тағайындалғанға дейін Юрий Бродский RTVI телеарнасының хабар тарату басқармасының директоры қызметін атқарды. 2015-2016 жылдары Бродский СТС телеарнасының праймдық хабар тарату дирекциясын басқарды.