ХВҚ: Қытай экономикасының баяу дамуы әлемдік қауымдастыққа оң пайдасын тигізеді

629

Қытай экономикасының баяу бірақ тұрақты түрде дамуы әлемдік қауымдастыққа оң әсер етеді. Халықаралық валюталық қордың (ХВҚ) атқарушы директоры Кристин Лагард осындай мәлімдеме жасады. 

«Қытай экономикалық теңсіздікті қалпына келтіру үшін ұзақ жылғы жоспарын жүзеге асыруды бастады. Соңында барлығына да пайда болады. Ал қысқа мерзімді перспективада бұл өзгеріс шикізат бағасының және сауданың төмендеуіне байланысты кері әсер етуі мүмкін»,-деп мәлімдеді К.Лагард.

Қытайдың экономикалық өсімі 2010 жылдан бастап баяулады. ХВҚ мәліметінше, Қытайдың ЖІӨ-і 2015 жылы 6,8%-ға өсті. 2016 жылы сарапшылар өсім 6,3% болады деп болжап отыр.

Фото:kursiv.kz