2015 жылы пайдаланылған ең танымал құпия сөздердің тізімі жарияланды

SplashData компаниясы әлемнің 2 млн-ға жуық интернет қолданушысы пайдаланатын ең танымал құпия сөздер рейтингін жариялады. Бұл туралы vestifinance.ru жазады. 

Рейтинг тізіміне 2015 жылы ашық түрде қол жеткізуге болатын 2 млнға жуық құпия сөздер енген. 

Рейтингтің алғашқы тармағын «123456» және «password» («құпия сөз») құпия сөздері алған. Алайда құпия сөздерді енгізуде өзгерістер де бар. Мысалы желі пайдаланушылар «letmein» («мені жібер») және «welcome» («қош келдіңіз») сөзін жиі қолданған.

Сондай-ақ, тізімге алғаш рет «princess» («ханшайым»), «login», «qwertyuiop» (пернетақтадағы жоғарғы әріптер) және «1qaz2wsx» (пернетақтаның сол жағындағы 1 мен 2 санынан басталатын төменгі бөлік) символдары енген. Рейтингітің алғашқы 25 бөлігіне «starwars»және «solo» сөздері кірді.

Көптеген қолданушылар спорттық терминдерді құпия сөз ретінде жиі пайдаланады екен. Мысалы football («футбол») сөзі тізімде 7 орынға тұрақтаған. Ал baseball («бейсбол») құпия сөзі 8 орыннан 9 орынға түсті.

Ал көптеген әлемдік интернет компаниялар дәстүрлі құпия сөздерді алмастыратын жолды қарастырып жатыр. Мысалы Google құпия сөзсіз тіркелетін технологияны тесттен өткізуде. Бұл туралы сервис қолданушысы, әрі жаңа жобаға қатысушылрдың бірі Reddit Рохит Пол (Rohit Paul) айтқан.

Фото:vestifinance.ru