Доллар бағамы 380 теңге болды

468

Қазақстан қор биржасының (KASE) 26 қаңтардағы таңертеңгілік сессиясы кезінде доллардың орташа курсы 379,81 теңге болды. Бұл туралы KASE сайтында хабарланды.

KASE ақпаратына сәйкес, таңғы сессияда АҚШ долларының минималды курсы 379,50 теңге болды. Максималды курс — 380,50 теңге. Сессия жабылу кезінде доллар бағамы 379,93 теңгені құрады.

KASE мәліметі бойынша, долларға қатысты сауда көлемі — 35 млн 100 мың доллар. Валютамен жасалған келісімдер саны — 39.

Фото: kapital.kz