Үкіметтің арнаулы резервінен жаңа жұмыс орындарын ашуға 100 миллиард теңге бөлінеді

613

Нұрсұлтан Назарбаев 2016 жылы әлеуметтік саясаттың басымдығы бар міндеті жұмыс орындарын сақтап, жаңа жұмыс орындарын ашуға  Үкіметтің арнаулы резервінен қосымша 100 миллиард теңгеге жуық қаржы бөлуді тапсырды. Бұл туралы Ақорда сайты хабарлады. 

Аталған қаражаттың 63 миллиард теңгесі маңызы арттырылған Жұмыспен қамтудың жол картасын жүзеге асыруға бағытталады. Ол 2009-2010 жылдардың Жол картасындағыдай әлеуметтік инфрақұрылымды және Тұрғынүй-коммуналдық шаруашылық нысандарын жөндеу ісін, шағын несие беру ауқымын ұлғайтуды, жұмысшы жастар үшін жатақханалар салуды, сондай-ақ жұмыс берушілердің жұмыс орындарын сақтау жөніндегі шығындарын субсидиялау ісін қамтиды.

«Бұл 60 мыңға жуық адамды жұмыспен қамтуға,  соның ішінде мыңға жуық инфрақұрылымдық жобаны жүзеге асыру арқылы 18 мың жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді», – деді Мемлекет басшысы.

Бұдан бөлек, шағын және орта бизнес нысандарына жетіспей жатқан инфрақұрылым желісін тарту үшін «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында қосымша 15 миллиард теңге бөлуге тапсырма берілді.

Фото:kursiv.kz