Қазақстандағы жұмыссыздар саны қаңтарда 457,6 мың адамды құрады

1283

Қазақстан экономикасында 2016 жылғы қаңтарда жұмыссыздар саны 457,6 мың адамды, жұмыссыздық деңгейі 5,1% құрады. Бұл туралы статистика комитеті хабарлады. 

Жұмыспен қамту органдарында 2016 жылғы қаңтар айының соңына 66,3 мың адам ресми тіркелген. Тіркелген жұмыссыздар үлесі экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың 0,7%-ын құрады.

Сондай-ақ, қаңтар айындағы бағалау бойынша 8,5 млн адам жұмыспен қамтылды. Жұмыспен қамтылған халық арасындағы жалдамалы қызметкерлер саны аталған кезеңде 6,2 млн адамды (жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан 73,1%) құрады.
2015 жылғы IV тоқсан1) деректері бойынша өз бетінше жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан жұмыспен нәтижелі қамтылғандар үлесі 78,0%, жұмыспен нәтижесіз қамтылғандар – 22,0% құрады.

Фото:kaz.tengrinews.kz