Оңтүстік Қазақстанда өнеркәсіп өндірісінің көлемі артуда

syrboyi.kz

2015 жылы Оңтүстік Қазақстанда өнеркәсіп саласында 668,5 млрд теңгенің өнімі өндірілді. Бұл көрсеткіш 2014 жылмен салыстырғанда 64,5 млрд теңгеге артқан. Бұл туралы өңір басшысы Б.Атамқұловтың халық алдында берген есепті жиынында айтты.
Аймақ басшысының мәліметінше, былтыр ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 344,6 млрд теңгені құрап, алдыңғы жылмен салыстырғанда 3,5% көбейген. Республикадағы мақта өнімі бойынша 100 пайыздық көрсеткішті Оңтүстік Қазақстан беріп отырса, бақша өнімдерінің 65%-ы, жеміс-жидектің 36%-ы, жүзімнің 65%-ы да осы облысқа тиесілі.
Сонымен қатар, былтыр жаңа технологияларды енгізу нәтижесінде, өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігі 1 адамға шаққанда 48 000 доллар АҚШ долларын құрап, 2014 жылмен салыстырғанда 18 пайызға көбейді.
Былтыр облысқа құны 143 млрд теңгені құрайтын инвестиция тартылып, 58 жаңа жоба іске асырыла бастады. Оның үштен бірі, яғни, 36 пайызы шетелдік инвесторлардың қатысуымен жүзеге асырылуда.