Аустралия Фиджи мемлекетіне 7 млн ​​доллардан астам қаржы бөлуге ниетті

844
abc.net.au

Ақпанның 20-сынан 21-іне қараған түні Тынық мұхитындағы Фиджи мемлекетінде дауыл болған еді. Аралда орын алған дауыл салдарын қалыпқа келтіру үшін Аустралия Фиджи мемлекетіне 10 миллион австралиялық доллар (7 млн ​​АҚШ долларын) бөлмекші, деп хабарлады Fiji Times. 

Фиджи астанасы Сувадағы Аустралия өкілінің айтуынша, олар мектеп, аурухана және базалық инфрақұрылымдарды қалпына келтіруге көмек көрсетпек.

«Аустралия үкіметі денсаулық сақтау саласындағы халықтың қажеттіліктерін қамтамасыз етуге де көмектеседі. Біз алты австралиялық дәрігер мен жоғары білікті 16 көмекші мамандарды жібереміз және әзірдің өзінде Фиджи денсаулық сақтау қызметкерлерімен бірлесіп жұмысты бастап кеттік », — делінген хабарламада.

Сондай-ақ, дауыл салдарын жою жұмыстарына Аустралияның қорғаныс күштері де қатысады. Фиджи аралына көмектің жалпы сомасы 15 млн австралиялық долларды құрайды

Айта кетейік, «Уинстон» тропикалық циклон салдарынан Тынық мұхитындағы Фиджида 42 адам қайтыс болды және ондаған мың адам үйсіз қалған еді. Дауыл ең қауіпті бесінші дәрежелі болды. Мемлекет үкіметі 30 күндік апат режимін жариялады.