ОПЕК елдеріндегі мұнай көлемі қысқарды

Фото: REUTERS

Ақпан айында ОПЕК елдеріндегі мұнай өндірісі қысқарып, соңғы айлардағы ең төменгі деңгейге жетті. Бұл туралы жүргізілген зерттеулерге сілтеме жасап, Reuters агентігі хабарлайды.

Өткен айда ОПЕК елдері арасындағы мұнай ұсынысы тәулігіне 32,34 млн баррельге төмендеген. Ал қаңтар айындағы көрсеткіш 32,65 баррелді құрады.

Сауд Арабиясы тәулігіне өндіретін мұнай көлемін қаңтар айындағы көрсеткіш (10,20 млн баррель) бойынша сақтап қалды. Мемлекеттің рекордтық ең жоғарғы көрсеткіші өткен жылдың шілде айында 10,56 млн баррель болған.

Мұнай өндірісі көлемінің төмендеуі  Ирак елінде де тіркелді. Көрсеткіш күрдтер аймағындағы мұнай жіберу құбырын тоқтатуы себепті төмендеген.

Сондай-ақ, бір айдағы мұнай өндіріс Нигерия елінде де қысқарған. Себебі Royal Dutch Shell жергілікті бөлімшесі экспорттық терминалға мұнай жіберуді тоқтатқан.

Ал Біріккен Араб Әмірлігіндегі қара алтын деңгейінің төмендеуі  шикізат өндірісіндегі техникалық қызмет жұмысына байланысты болып отыр.

Дегенмен Иран мемлекеті санкция алынғаннан кейін мұнай көлемін арттырды. Мемлекет санкция кезінде жоғалтып алған мұнай көлемін қайта қалпына келтіру үшін осындай қадам жасап отыр. Агентік мәліметіне сәйкес, Иран өткен жылдың желтоқсан аймен салыстырғанда шикізат көлемін тәулігіне 200 мың баррелге арттырған.