Ұлттық Банк интервенциясы 474 млн долларды құрады

Фото: forbes.kz

2016 жылы ақпан айында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің валютаны сатып алу түріндегі интервенциясы Қазақстан қор биржасындағы жалпы сауда-саттық көлемінің 20% -ын құрады. Бұл туралы Сенат отырысында Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев  мәлімдеді.

Қаржы реттеушінің айтуынша, Ұлттық банк валюта нарығына қатысуын азайтты және іс жүзінде  ақпан айында валютаның сауда-саттығына қатысқан жоқ.

«Алайда, Ұлттық Банк ақпан айының аяғында салық төлеу кезінде нарықтағы ұсыныстың көптігінен  валютаны сатып алуға мәжбүр болды. Нәтижесінде, 2016 жылы ақпанда валютаны сатып алу интервенциясы 474 млн долларды немесе жалпы сауда көлемі — 2,4 млрд доллардың 20% -ын құрады», — деді ол.

Сондай-ақ, Д.Ақышевтың мәлімдеуінше, 2016 жылдың ақпаныңда  алтын-валюта қоры 2,8% -ға өсті және алдын ала деректер бойынша 27,7 млрд долларды құрады.