Мықтылар мекені — ҚазҰУ

925

ҰБТ тапсырып арқаны кеңге салған түлектің алдағы күнге үміт пен алаң еткені – болашағына жарқын жол ашатын лайықты ЖОО-ға түсу. Үмітін үкілейтін, сеніміне селкеу түсірмейтін жалынды талапкерге лайық қай орда? Түлектің өз бағдарын адаспай тапқаны – бір кірпіштің дүниеден өзіне сай кетігін тура танығаны. Қазақстандағы самсаған ЖОО сандарының алдыңғы қатарын еңсерген, оқ бойы озық тұратын, ғылым мен білімнің қайнаған ошағы, элиталы білім ордасы – әл Фараби атындағы ҚазҰУ.

Таң бірге жарыса басталатын кептеліс пен қаланың азан-қазан шуылы күнтәртібіндегі мақсаттарын орындауға ұмтылаған әр алматылықтың еңсесін түсіретіні анық. Бірі жұмысына, қызметіне жол тартса, бірі білім алуға асығар. Мұндайда жайлы мекен іздеп адам жаны дегбірге түсетіндігі заңды. Алматыда осы заңдылықты толық қанағаттандыра алатын мекен бар. Ол — білім мен мәдениеттің ордасы ҚазҰУ қалашығы. «Қайырымды қала тұрғындарына» қоныс болған ҚазҰУ.

ҚазҰУ – қала ішіндегі қалашық. Рас, кірген бетте қалағаныңыздың бәрін таба аласыз. Жыл сайын студенттердің жайлы өмір сүруі үшін жағдай жасалынып жатыр. Мәселен күні кеше «Керемет» студенттерге қызмет көрсету орталығы ашылды. Ол жерде кітап және азық-түлік дүкендері, кинотеатр, сән салоны бар. Биік-биік болып бой түзеген ғимараттарды көрсеңіз – жатақханалар деп біліңіз. Бір университетте жалпы саны 18 студенттер үйі бар. Осы жылы ғалымдар үйі бой көтерді. ҚазҰУ аймағында тегін Wi-Fi желісінің барын да айта кету керек. Мұнда білім алатын әрбір студент жеке құпиясөзі мен логині арқылы желіні қалауынша пайдалана алады. Қалашықта 14 факультет, спорт кешені, 300 орындық интернет-кафе бар.

Ұлттық университетті таңдаушы түлектер саны аз емес. Соның ішінде «Алтын белгі», «Ерекше аттестат» иегерлері, «Халықаралық олимпиада»

жүлдегерлері, сондай-ақ елімізге жастайынан танылған таланттар білім алған, білім алып келеді. Демек сіздің таңдауыңыз осы қара шаңыраққа түссе, сіздің қателеспегеніңіз деп сеніммен а     йта аламыз. Білімге құштар, ерекше талапты, болашаққа деген мақсаты айқын жастармен иық тіресе оқығанның өзі адамды алға жетелеуге мықты мотивация!

Бүгінде ҚазҰУ әлемнің технологиялық дамыған үздік 50 білім ордасының ішінде  31-орынды иеленді. Ал Орта Азия университеттерінің қатарында тіптен оқ бойы озып тұр.

Өзінің 2014 мерейтой жылында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ұлы ойшылы Әл-Фараби «ақылды қала» ілімі негізделген «Аl-Farabi university — smart city» атты бірегей ғылыми-зерттеу және инновациялық жобасы іске асырылып — жаңа университет қалыптастыруға бағытталған. Тұрақты дамуға бағытталған БҰҰ «Академиялық ықпал» жаһандық хаб бағдарламасына жетекші бола отырып ҚазҰУ ғылым және білім көшбасшылығын артырып 2014 жылы ұлттық рейтингте бірінші орынды иеленді, сондай-ақ ҚазҰУ халықаралық рейтингісінде, тек ТМД-емес, сондай-ақ Шығыс және Орталық Еуропа мемлекеттер арасындағы жекедара өкілі болды.
80 жылдығын тойлау ең есте қаларлық іс-шаралармен сәнденді, солардың бірі: Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов қатысуымен университетінің мерейтойына арналған қалалық веложарыс; «Қариялар – алтын қазына» атты ғылыми-педагогикалық кадрларының ардагерлерінің құрмет рәсімі; бұқаралық ақпарат құралдары мен журналистердің арасында марапаттау рәсімі, «ҚазҰУ — Қазақ элитасының ұстасы»; Болон үдерісі бойынша халықаралық конференция; Дөңгелек үстел «Университет — білімге негізделген экономика»; Жұмыс берушілер форумы «университеті — бизнес — қоғам: әріптестік тәжірибесі мен болашағы»; «интеллектуалдық ұлт бастап зияткерлік оқу үшін» ұранымен «AlmatyBookExpo» Халықаралық кітап жәрмеңкесі, сондай-ақ Нобель сыйлығының лауреаттарымен кездесулер өткізілді. Университет қызметкерлерін үлкен күш, ынтымақтастық, кәсібилік және ынта арқасында ҚазҰУ серпінді және сенімді дамып келеді!

Адам өмірінде екі таңдаудан қателеспеуі тиіс. Соның бірі мамандық таңдау екендігін ескерсек, сапалы маман даярлайтын әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға кел, жас түлек!

Гүлнұр ХУДАЙБЕРДИНА

Нұрсұлтан ҚАЛҚАШЕВ