Ресей Үкіметі: АҚШ-тың санкция саясатының болашағы жоқ

Фото: kapital.kz

Ресейдің сыртқы істер министрлігі АҚШ-тың Ресейге қарсы санкция шараларын ұзарту туралы шешіміне түсініктеме берді. Министрліктің сөзінше, АҚШ-тың мұндай саясатының болашағы жоқ. Бұл туралы Орталық Азия жаңалықтар қызметі хабарлайды.

Ресейдің дипломатиялық қызметі Құрама Штаттардың бұл әрекеті екі елдің ең маңызды халықаралық түйткілдерде бірлесіп әрекет ету мүмкіндігінен айырады деп санайды. АҚШ-тың санкция саясатының болашағы жоқ деп атаған сыртқы істер министрлігі Ресей де өз тарабынан жауап шараларды қолға алатынын мәлімдеді.

Ресей СІМ түсініктемесінде санкциялардың украин дағдарысын шешуге көмектеспейтінін және ресей-американ қарым-қатынасына кесірін тигізетінін айтқан.

Бұған дейін АҚШ президенті Барака Обаманың Ресейге қатысты санкцияны тағы бір жылға ұзартқаны белгілі болды. Ақ үй таратқан құжатта Ресейдің Украинаға қарсы ұстанған саясаты мен әрекеті бұл елдің тыныштығына, қауіпсіздігіне, тұрақтылығына, тәуелсіздігі мен аумағының тұтастығына қауіп төндіретіні және Украинадағы демократиялық үрдістер мен институттардың қызметіне тосқауыл болатыны көрсетілген.