5 қаңтарға арналған ресми валюта курсы

теңге
Фото: 7күн

Алматы. 5 қаңтар. 7kun.kz — Қазақстанның Ұлттық банкі сәрсенбі күні 5 қаңтарға арналған шетел валюталарына қатысты ресми бағамды жариялады.

АҚШ доллары — 334,51 теңге, 1 еуро — 348,83 теңге, Ресей рублі — 5,49 теңге, Ұлыбританияның 1 фунт стерлингі — 410,41 теңге, жапон йені— 2,84 теңге, 1 қытай юаньы — 48,19 теңге, 1 қырғыз сомы — 4,84 теңге, 100 өзбек сумы— 10,47 теңге болды деп жазылған Ұлттық банк таратқан хабарламада.

АҚШ долларына қатысты ресми курс Қазақстан қор биржасындағы 4 қаңтардағы таңғы және күндізгі сессия (негізгі) қорытындысы бойынша белгіленген. Сауда кезінде америкалық валютаның теңгеге қатысты ресми бағамы 334,51 теңге деңгейінде нақтыланды.

Ал теңге курсына қатысты басқа шетел валюталары кросс-курс есебі бойынша Астана уақытымен 16.00-де белгіленді.