SMM-шіге көмек: әлеуметтік желімен жұмыс істеу құралдары

Фото: blog.umagency.ru

Назарларыңызға SMM-менеджерлерге арналған онлайн-ресурстар тізімін ұсынамыз. Олардың көмегімен тегін фотосуреттер тауып, жазбаңыздың статистикасын жүргізіп, мақала үшін ең сәтті тақырып таңдауға болады.

Суреттерді өңдеу

  • %d1%81%d1%83%d1%80%d0%b5%d1%82Gratisography — суреттер топтамасын ұсынатын сервис. Сайт күнделікті өңделіп отырады және категория бойынша ыңғайлы іздеу жүйесі бар.
  • Flaticon — 190-нан астам тегін векторлы иконкалар. Фильтрлердің кеңейтілген баптаулары бар. Иконканы жүктеп алмас бұрын оның пішінін, түсін және көлемін өзгертуге болады.
  • Splitshire — жоғары сападағы және авторлық құқықсыз пайдалануға болатын суреттер топтамасы. Жеке және коммерциялық мақсат үшін де рұқсат етіледі.
  • New Old Stock Photos — қоғамдық архивтерден алынған винтажды фотолар алаңы. Сізге ұнаған суретті тегін ала аласыз.
  • Life of Pix — жоғары сападағы тегін суреттер ұсынатын тағы бір платформа. Сайт бойынша іздеу жүйесі де жұмыс істейді. Негізі тақырыптар — табиғат және өмір сүру стилі.
  • Picjumbo — тегін фотолар. Кез-келген мақсат үшін кез-келген фотоны тегін жүктеп ала аласыз. Ал эксклюзивті фотолар алу ақылы жазылу арқылы орындалады.
  • Comp Fight — суреттерді тез табуға болатын сервис. Кілт сөз арқылы бірден бірнеше фото қарай аласыз.
  • Freepik — фотолар мен иконкалар және PSD-шаблондардың топтамасы. Стандартты іздеу және категория бойынша бөліну де бар.
  • Pixabay — фото іздеуге арналған ресурс. Барлық суреттер бір ортақ алаңда жиналған. Қосымша видеолар да табуға да болады.

Мәліметтерді бейнелеу

  • cd48976ccf0754Fotor — коллаж құрастыруға арналған сервис. Ең ыңғайлы ресурстардың бірі, шаблондардың түр-түрі бар. Экслюзивті фильтр мен эффектілерді пайдалана отырып, өз тақырыбыңызға сай уникал шаблон жасай аласыз.
  • Monosnap — скриншот пен скринкаст жасауға арналған ыңғайлы бағдарлама. Қосымша тегін жұмыс істейді, бірақ алдымен оны компьютерге жүктеп алу қажет.
  • Hohli Builder — онлайн-режимде диаграмма құруға арналған бағдарлама. Диаграмманың түрін таңдап алып, мәліметтеріңізді енгізу қажет.
  • Infogr.am — интерактивті инфографика құруға арналған сервис. Диаграмма түрлері күрделірек. Тегін сынап көруге болады, бірақ барлық қызметін пайдалану үшін ақылы тарифтің біреуін таңдау қажет.
  • Easel.ly — инфографика құруға арналған ресурс. Сайт ұсынған шаблонға сіз өз элементтеріңізді де қоса аласыз. Суреттерді таңдауға арналған арнайы жүйе де бар.
  • Visage — онлайн-режимде график және диаграмма құруға арналған сервис. Фон мен түс таңдап, мәтін қосуға болады. Қарапайым графикалар мен диаграмм құруға арналған.
  • Piktochart — инфографика құруға арналған сайт. Тек жартылай ғана тегін пайдалануға болады. Толық мүмкіндігін қолдану үшін айына 29 доллар төлеу қажет.
  • Social Image Resizer Tool — әлеуметтік желіге сурет өңдеуге арналған ресурс. Суретті жүктеп, ары қарай өз қалауыңызға сай өңдей аласыз.

Идеялар іздестіру

  • Ruzzit — әлеуметтік желідегі танымал контентті іздеу жүйесі. Белгілі бір уақыт аралығындағы видео, мақала және суреттер табуға болады. Белгілі бір әлеуметтік желі бойынша іздеу жүйесі бар (Facebook, Google+, LinkedIn, Twitter, Pinterest, YouTube).
  • Alltop — блогтардағы танымал мақалалар топтамасы. Іздеу жүйесіне сіз іздеген тақырыпты жазу керек.
  • Buzzsumo — интернеттегі танымал материалдарды іздеу және сараптама жасау сервисі. Сервис сауал бойынша ең танымал материалды көрсетеді. Сынақтан өткізу тегін, бірақ толыққанды мүмкіндігін пайдалану үшін айына 99 доллар төлеу керек.
  • Hubspot Blog Topic Generator — мақала тақырыбын құрастыруға арналған ресурс. Сіз негізгі кілт сөздерді жазасыз, ал сервис бірнеше секунд ішінде 5 түрлі тақырып нұсқасын ұсынады.

Ескерту: Бұл топтамадағы сервистердің көпшілігі тек ағылшын тілінде жұмыс істейді. 

Мониторинг және сараптама

  • 04a7f58f679d24Quintly — әлеуметтік желілермен жұмыстың тиімділігін бақылауға арналған құрал. Аудиторияны бағалауға мүмкіндік береді. Бұл жерде өз парақшаңыздың және бәсекелесіңіздің жұмысын салыстыруға болады. Сервис  Facebook, Google+, LinkedIn, Twitter, Instagram, YouTube әлеуметтік желілерімен жұмыс істейді.
  • Hootsuite — әлеуметтік желілердегі мәліметтерді қадағалап отыратын ресурс. Тек сізге көрсеткіштерді ұсынып қана қоймай, бренд туралы қолданушылардың хабарламасын бақылап, есеп құрастырады. Тегін тарифі жұмыс істейді.
  • Popsters — компанияның және оның бәсекелестерінің парақшаларына сараптама жасайды. Тақырыптардың, хэштегтердің тиімділігін тексеріп, жарнамадан келетін пайданы анықтап береді.
  • FeedSpy — әлеуметтік желілердегі контентке сараптама жасайды. Компания парақшалары, топтары үшін вирусты жазбаларды іздеп, мақсатты аудиторияның қызығушылықтарына талдау жасайды.
  • SemanticForce — шынайы уақыт режимінде әлеуметтік желілер мен онлайн-басылымдарға талдау жасап, бақылап отырады. Сайт сіздің брендіңіздің БАҚ бетінде қанша рет еске алынғандығын есептеп, бәсекелестермен салыстыра отырып сараптама жасайды.
  • SimilarWeb — веб-сараптамаға арналған сервис. Кез-келген сайттың трафигі арқылы мәлімет алады. Тексеріп көру үшін веб-нұсқасын пайдалану немесе браузер үшін плагин орнату қажет. Тегін базалық есептеулері бар.
  • VKPUB — «Вконтакте» желісіндегі парақшаларды бақылайтын ресурс. Парақшаларға кірушілер, көрілім саны, жазылушылар бойынша статистика жүргізіп, есеп жіберіп отырады. Тегін қолданылады.

Қосымша құралдар

  • Bit.ly — сілтемелерді қысқартуға арналған сайт. Сондай-ақ жарияланған сілтемелердің статистикасын жүргізеді.
  •  JagaJam — лүпілдер мен пікірлерлі, бөлісулерді тегін есептеп беретін сервис. Бренд атауын іздеу жүйесіне енгізу ғана жеткілікті. «ВКонтакте», «Одноклассники», Facebook, Instagram, Pinterest, Twitter, YouTube, Google+ желілерімен жұмыс істейді.
  • Vk.com/cc — «Вконтакте» сілтемелерін қысқартуға арналады.