Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстан мен Беларусь Ресейге тауар кіргізе алмауы мүмкін

Қазақстан мен Беларусь Ресейге тауар кіргізе алмауы мүмкін

Алматы. 21 ақпан. 7kun.kz - Ресей билігі Еуразиялық экономикалық одақтан келетін кейбір тауарлардың елге кіруіне тыйым салды. Бұл туралы РБК жазады. 

Қаржы министрлігі осындай заң жобасын дайындады. 13 ақпанда заң шығару бойынша үкіметтік комиссия оған рұқсат берді. Бірақ Кремль әлі заң жобасын қабылдаған жоқ. 

"Ресейге ЕАЭО-ға мүше емес өзге елдерден келетін тауарларға тыйым салынуы мүмкін. Яғни РФ-ға кеден салығы төмен немесе импортерлеріне арнайы жеңілдік берілген ЕАЭО-ның елдерінен келген тауарлар кіргізілмейді. Сондай-ақ Ресеймен арада санкциялық шектеулер бар елдердің өнімдері және "Ресей президентінің бұйрығы бойынша анықталатын кейбір санаттағы тауарлар" ЕАЭО арқылы елге кіргізілмейді", - делінген заң жобасында. 

РФ Қаржы министрлігінің түсіндіруінше, құжаттың мақсаты - Ресейге ЕАЭО мемлекеттері арқылы соның ішінде Қазақстан арқылы келетін ДСҰ (Дүниежүзілік сауда ұйымы) елдері тауарларының өткізілуіне шектеу қою. 

Осыған дейін Қазақстан ЕАЭО аясында ел аумағында өндірілмейтін кейбір тауарлардан шектеуді алып тастауды ұсынған еді. Сондай-ақ Еуразиялық экономикалық комиссия өкілдері кейбір тауар түрлері бойынша параллель импортты заңдастыру мәселесін талқылап жатыр. 

Айта кету керек, осы айдың басында 20 қазақстандық пияз Ресей шекарасынан өте алмады. Россельхознадзордың түсіндіруінше, олар фитосанитарлық бақылаудан өтпеген. 

Похожие материалы