KASE-дегі шетелдік валюталар нарығы комитетінің төрағасы тағайындалды

Көрнекі сурет интернет беттерінен алынды.

Алматы. 30 наурыз. 7kun.kz — Қазақстан қор биржасы (KASE) шетелдік валюталар нарығы комитетінің 24 наурыздағы шешімімен Байтелиев Нұртелі Тұлтайұлы комитет төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды KASE.

Ол — ALM «Еуразиялық банк» АҚ мен Қаржы департаменті басқармасының басшысы.
Комитет төрағасының орынбасары ретінде «Forte bank» АҚ қаржы басқармасының директоры Даутбаев Асыл Бақытұлы тағайындалды.