Алматы. 31 наурыз. 7kun.kz - Қазақстанда кәсіпкерлер мен бизнесмендерге арналған Qamqor қосымшасы шықты. Бұл туралы ҚР бас прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есеп комитетінің төрағасы Бағдат Мусин Facebook-тегі парақшасында хабарлады.
«Бұрын уәде бергеніміздей, біз Qamqor қосымшасын құрастырдық. Оны әр кәсіпкер көмекші құрал ретінде пайдалана алады. Қосымша кез келген гаджетке (ұялы телефон немесе планшет) көшіріледі. Көшіргеннен соң, бағдарамаға тіркелесіз. Сосын тексеру мақсатында "К Вам придут с проверкой ДАТА" деген Push-хабарлама келеді. Хабарламаны ашсаңыз тексеруші ұйым, аты-жөні және тексеру уақыты пен типі шығады. Тексеруші тексеру туралы 14 таңбалы акт ұсынуға міндетті. Сіз сол актідегі нөмірді енгізіп, барлық қажетті ақпаратты ала аласыз. Ал егер код қате немесе тексеру уақыты актіде көрсетілген мерзімнен асып кеткен болса, тексеріс заңсыз! Мұндай жағдайда сіз комитеттің аймақтың ұйымына шағым түсіре аласыз. Шағым расталса, жағдайда анықтау үшін мобилді топ жіберіледі», - деп жазды Мусин.
Ондағы ақпаратқа сәйкес, қосымшада жиі қойылатын сұрақтарға жауап беретін FAQ қызметі де бар. Qamqor Android пен iOS құрылғысына қолжетімді.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024