Сбербанк директорлар кеңесінің құрамы өзгерді

Сбербанк
Фото: infinica.ru

Алматы. 3 мамыр. 7kun.kz — Ресей Сбербанкінің Қазақстандағы еншілесінің директорлар кеңесі құрамы 10 адамға толықты. Бұл туралы банктің баспасөз қызметі хабарлады.

Бұл шешім 2017 жылдың 28 сәуірінде банк үлескерлерінің жиналысында қабылданды.

Директорлар кеңесінің құрамына  Игорь Коломейский, Владимир Ситнов, Алексей Ашурков және Павел Барчугов кірді.

Ал құрамнан шығарылғандар Николай Асташкин мен Олег Смирнов.

Директорлар кеңесінің жаңа құрамы: директорлар кеңесінің төрағасы — Наталья Лазарева; тәуелсіз директорлар — Денис Звягинцев пен Бақытжан Есенғалиев; директорлар кеңесі мүшелері — Игорь Коломейский, Владимир Ситнов, Алексей Ашурков, Павел Барчугов, Григорий Анашкин, Александр Камалов, Қуаныш Тазабеков;

Еншілес банк 2017 жыл бірінші тоқсанында актив көлемі бойынша 4-ші орынға ие болды.