Қазақстан Түркіменстаннан электр қуатын импорттайды

Қазақстан Түркіменстаннан электр қуатын импорттайды
Фото:radiotochka.kz

Алматы. 22 мамыр. 7kun.kz — «Өзбекэнерго» компаниясы Түрікменстанның Энергетика министрлігімен электр қуатын транзиттеуге қатысты ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды. Бұл туралы Қазақпарат хабарлады.

Өзбекстан президенті аппаратындағы мәліметті gazeta.uz сайтына берген шенеуніктің айтуынша, меморандум Түрікменстанның электр қуатын Қазақстан мен Қырғызстанға Өзбекстанның энергожүйесі арқылы транзиттеу бойынша ынтымақтастықты дамытуды қарастырады.

Түрікменбаши қаласындағы «Аваза» конгресс орталығында өткен екі ел президенттерінің келіссөздері нәтижесінде әзірленген құжатқа Өзбекстан премьер-министрінің орынбасары Гуломжон Ибрагимов пен Түрікменстанның Энергетика министрі Чарымырат Пурчеков қол қойды.

Құжат сондай-ақ «Түрікменэнерго» ГЭК-тің «Өзбекэнергоға» борышын өзара келіскен баға бойынша электр қуатын жеткізу арқылы өтеуді де қамтиды.