Қазақстанда кредит карталарына сұраныс артып келеді

Қазақстанда кредит карталарына сұраныс артып келеді
Көрнекі сурет elgornal.net сайтынан алынды.

Алматы. 24 мамыр. 7kun.kz — Қазақстанда кредит карталарына сұраныс артып келеді. Бір жылда қолданыстағы кредит карталарының саны екі есе артқан. Сұраныстың басым бөлігі Алматы қаласында, — деп хабарлайды Ranking.kz сарапшылары.

«2017 жылдың наурыздың соңында несие карталарының саны 442 мыңға, яғни 5,5 пайызға көбейген. Осылайша, қолданыстағы несие карталарының саны 8,5 миллионға жеткен. Ал халықаралық жүйедегі төлем карталарының саны бір жыл ішінде 94,5 пайыздан 99,5 пайызға өсіп, 841,3 мың болған», — дейді сарапшылар.

Сондай-ақ, мамандардың айтуынша, дебет карталар да сұранысқа ие. 2017 жылдың наурыз айының соңындағы көрсеткішке қарағанда, қолданыстағы дебет карталардың саны 803 мыңға көбейіп, 7,1 миллион болған.

«Төлем карталарын белсенді түрде қолданатын ҚР өңірлерінің ішінде Алматы қаласы көш бастап тұр. Онда 2,4 төлем картасы қолданылады. Қала тұрғындарының көбі 56,4 пайызы дебет картасын қолданғанды жөн көреді. Ал екінші орында ОҚО — 769,5 мың төлем картасымен тұр. Үздікті үштікті Қарағанды облысы қорытындылап тұр. Онда 655 мың төлем картасы қолданылады», — деді сарапшылар.